сәрсенбі, 15 қаңтар, 2025 21:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

️Маңғыстаудағы жаппай улану: сот отырысы басталды

️Маңғыстаудағы жаппай улану: сот отырысы басталды
Фото: istockphoto.com
Еске салайын, оқиға 6 қыркүйек күні тіркелді

Маңғыстауда 500-ге жуық оқушы жаппай астан уланған қылмыстық іске қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  qazaqstan.tv сілтеме жасап.

Прокурордың айтуынша, мектеп асханасында жұмысшылар жеке гигиенаны мүлдем сақтамаған. Олар тамақ әзірлемес бұрын тіпті қолын да жумайтын болып шықты. 

Ыдыстарды тек құр сумен шайған. Бірреттік қолғапты ауыстырмастан қолданған. Асханада күнделікті тазалық жұмысы жүргізілмеген. 

Антисанитария салдарынан шыбын-шіркей қаптаған. Ал балалар ұшынған картоп езбесі бір күн бұрын дайындалыпты. 

Сараптама қорытындысы бойынша аспаз, екі наубайшы және басқа да асүй қызметкерінен стафилококк анықталған. 

 Жалпы, саны 460 оқушы ауырды. Осы оқиға қатысты айыпталушы жеке кәсіпкер Дәметкен Шәкенова. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар