Бұндай жағдай соңғы рет он жыл бұрын тіркелген
Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданында ер адамнан сібір жарасы анықталды деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қошанкөл ауылының тұрғыны мал сойған кезде тері арқылы ауру қоздырғышын жұқтырып алған. Қазір науқас қалада ем алып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы бірқалыпты. Эпизоотиялық ошақ залалсыздандырылып, дезинфекциялық іс-шаралар жасалған. Мамандардың айтуынша, науқас айналасына қауіпті емес. Өйткені сібір жарасы тек ауру малдан жұғады. Облыста мұндай жағдай соңғы рет он жыл бұрын Жәнібек ауданында тіркелген.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Жеке клиникада МӘМС бойынша медициналық қызметтерді қалай алуға болады?
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025






