жексенбі, 24 қараша, 2024 23:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Материалдық көмектен бұрын тәрбиелік мәні зор

Материалдық көмектен бұрын тәрбиелік мәні зор
ашық дереккөзі
Материалдық көмектен бұрын тәрбиелік мәні зор

«Жомарт Түлек» әлеуметтік жобасының алғашқы нәтижелері қандай? Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында сарапталды.

Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған жоба қаңтар айынан бастап жүзеге асырылуда. Мақсат - жас ұрпаққа табысты түлектердің өмір жолын үлгі етіп ұсыну, насихаттау және түлектерді туған өңірдің өміріне белсенді қатыстыра отырып, әлеуметтік және басқа да мәселелерді шешуге жұмылдыру.

Мектептер түлектерімен қаншалықты тиімді байланыс орнатып отыр, тulek.kz сайтына тіркелген бе? Өңір басшысы осы мәселелерге жиі назар аударып, олардың күшімен кез келген елді мекенде оңды өзгерістер жасауға болатындығын алға тартып келеді. Отансүйгіштік пен туған жерге деген махаббат тек сөзбен ғана емес, нақты істермен де көрініс табуы керек. Өйткені, әр адамның жетістігінде оның туған жерінен бойына сіңірген тәлім-тәрбиесі мен алған білімінің үлесі де бар.

Білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенованың айтуынша, тulek.kz сайтында 106,1 мың түлек тіркеліп, 289 мотивациялық кездесу өткен. Олардың тарапынан 75,9 млн.теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілген. Тараз қаласындағы №51 мектеп базасында шаһар түлектерінің орталығы құрылған. Жоба аясында өткен форумнан кейін түлектердің белсенділігі артқан. Мәселен, Тараз қаласында демеуші есебінен Оқушылар сарайы, Өнер үйі, «Анаға тазым» орталығы және басқа да нысандар бой көтеруде.

Қазіргі таңда облыстық түлектер қауымдастығын тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Түлектер форумы барысында айтылған ұсыныстар бойынша арнайы талдау жасалған.

Білім басқармасы жобаның жүзеге асу барысын бақылауына алып отыр. Биыл түлектердің қолдауымен 73 елді мекенде жалпы құны 2,8 миллиард теңгені құрайтын 67 инвестициялық жоба іске асырылмақ.

- Tulek.kz сайтында барлық түлекті тіркеуді тездетіңіздер. Материалдық көмектен бұрын жобаның тәрбиелік маңызы алдыңғы шепте тұруы тиіс. Барлық ауданда орталықтар құру қажет. Олардың жеке веб-сайттары болуы маңызды және жұмыстары бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталуы керек. «Жомарт түлек» жобасын іске асыруға тек орта білім беру мекемелері ғана емес, колледждер мен университеттер де белсенді қатысқаны абзал, - деп түйіндеді Бердібек Сапарбаев.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар