бейсенбі, 16 қаңтар, 2025 15:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚМДБ квадроберлердің әрекеттеріне қатысты үкім шығарды

ҚМДБ квадроберлердің әрекеттеріне қатысты үкім шығарды
Ашық дереккөз
Шариғат ердің әйелге, әйелдің ерге ұқсап жүруіне де тыйым салады.

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы квадроберлер құбылығына қатысты өз үкімін шығарды. Діни басқарма бұл әрекетті шариғатқа қайшы деп танып, Құран аяттарын негізге алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

ҚМДБ мәлімдеуінше, адамдардың жануарларға еліктеп, төрт аяқтап жүруі немесе олардың қимылдарын жасау – адамдық ар-намысты қорлау болып саналады. Сонымен қатар, ер адамның әйелге, әйелдің ер адамға еліктеуі де шариғатта тыйым салынған.

«Квадроберлердің жануарлардың әрекеттеріне еліктеп, дауыс шығаруы, іс-қимылдарын қайталауы шариғат бойынша қатаң түрде тыйым салынады», - деп хабарлады ҚМДБ өкілдері.

Ал театрларда немесе балаларға арналған қойылымдарда жануарлар образын сомдайтын актерлерге ешқандай шектеу қойылмайды.

Квадроберлер деп жануарлардың сыртқы түрін көрсететін бетперде, құйрық және құлақ тағып, жануарлардың қимылдарын қайталап, олар сияқты өмір сүретін адамдарды айтады. Бұл әрекет шариғатқа қайшы саналады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар