Жаңалықтар
ҚМДБ әлеуметтік желіде шу болған имамның әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады
- авторjambylinfo.kz
- 4 ақпан, 2024
- 371
ҚМДБ әлеуметтік желіде шу болған имамның әрекетіне қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы «имам» жолаушы мен таксиші арасында болған жанжалға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Jambylinfo.
Әлеуметтік желіде такси жүргізушісі мен ер адамның жанжалдасқан видеосы тараған еді. Көпшілік «Аллаһу акбар, аударылып қал!» деген ауыр сөзді айтқан адам Гүлдала ауылындағы мешіттің имамы екенін жазған болатын.
«Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Бахтияр Жақсылықов есімді азаматтың такси жүргізушісімен кикілжіңге келіп, дөрекі әрекет көрсеткені және оның «имам» екені талқылануда. Осы орайда Бахтияр Жақсылықовтың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызмет жүйесінде жұмыс істемейтінін ресми түрде мәлімдейміз. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларынан анықталмаған хабарды таратпауын сұраймыз, - делінген хабарламада.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала