жұма, 13 желтоқсан, 2024 13:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мектеп мұғалімдерге 40 млн теңге қарыз болған

Мектеп мұғалімдерге 40 млн теңге қарыз болған
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Өйткені ұстаздар 6 ай бойы айлық алмаған

Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік гимназиясының мұғалімдерге жарты жыл айлық төлемеген. Осылайша борышкердің қызметкерлерге қарызы 40 млн теңгеге жеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Алматы облысы Прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мектеп басшылығы банкроттық сатысында болған. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған.

- Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды.  Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтардың еңбек құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді. Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда,- делінген хабарламада

.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар