Атыраудағы №37 орта мектепте ағылшын тілі пәнінің мұғалімі педагогикалық кеңесте өзінің тарапына айтылған балағат сөзден кейін суицид жасамақ болған. Оқу-ағарту министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат бойынша, педагогикалық кеңес барысында ұстазға балағат сөз айтылып, алаяқтық жасады деген айып тағылған.
Министрліктің мәліметінше, комитет жағдайды бақылауына алған. Қазіргі таңда жағдайды анықтау үшін қалалық басқарманың, Атырау облысы әкімдігінің білім басқармасының және Оқу-ағарту министрлігінің білім сапасын қамтамасыз ету аумақтық департаментінің өілдерінен тұратын арнайы комиссия құрылған.
«Министрліктің аумақтық департаменті педагогикалық әдеп мәселелері бойынша жоспардан тыс өңірлік кеңес өткізеді, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады. Ал қазіргі кезде ұстаздың жағдайы жақсы», делінген ведомствоның хабарламасында.