Жаңалықтар
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 11:20
- 62
Ал ең аз қызмет Ұлытау облысында көрсетілген.
2024 жылдың III тоқсанында еліміздегі тіс дәрігерлері 56,3 миллиард теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ұлттық статистика бюросына cілтеме жасап.
Қызметтердің негізгі көлемі төмендегідей қаржыландыру көздерінен орындалған:
• 5,3 миллиард теңге – бюджет қаражаты;
• 47,9 миллиард теңге – халықтан түскен қаражат;
• 3 миллиард теңге – кәсіпорындардың қаржысы.
Өңірлік бөліністе ең көп қызмет көлемі Астана және Алматы қалаларында көрсетілген – әрқайсысында 14 миллиард теңгеден. Одан кейінгі орындарда Атырау облысы (3,5 миллиард теңге) және Шығыс Қазақстан облысы (2,3 миллиард теңге) тұр.
Ең аз көрсетілген қызмет көлемі Ұлытау облысында тіркелді – небәрі 107 518 мың теңге.
Келесі мақала