Мұғалімдер жұмыс таба алмай жүр - Асхат Аймағамбетов
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 10:49
- 102
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалаларда қазақ тілі мен дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері жұмыс таппай жүргенін, ал ауылдық шағын жинақталған мектептерде мұғалімдердің нақты тапшылығы байқалып отырғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бұл туралы депутат SHYNDYK LIVE подкастында айтқан.
"Астана сияқты ірі қалаларда қазақ тілі мен дене шынықтыру пәндерінің мұғалімдері жұмыс таппай жүр. Ауылдық шағын жинақталған мектептерде мұғалімдердің нақты тапшылығы байқалады, онда біріктірілген сыныптар бар, сабақ сағаттары аз, тиісінше, жүктеме төмен және 0,5 жалақыға қандай математика немесе ағылшын тілі мұғалімі келеді? «Жыл сайын педагогикалық жоғары оқу орындарын 40 мыңға жуық мұғалім бітіреді, бірақ олардың көпшілігі, әсіресе дене шынықтыру және қазақ тілі пәні мұғалімдері нарықтың осы мамандықтарға толы болуына байланысты жұмыс таба алмай жүр», - деді депутат.