бейсенбі, 9 қаңтар, 2025 8:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Маңызды»: Көпбалалы педагогтар салықтан босатылады

«Маңызды»: Көпбалалы педагогтар салықтан босатылады
Коллаж - Jambylinfo.kz
Елімізде «Алтын алқа» мен «Күміс алқасы» бар мұғалім әйелдерге мемлекет тарапынан жеңілдік көп

Қазақстан мектептерінде жұмыс істейтін көпбалалы мұғалімдер бірқатар салықтан босатылған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы белгілі заңгер Сабина Ахметова желідегі парақшасында кеңінен түсіндіріп берді. 

-    Елімізде мектепте жұмыс істейтін көпбалалы аналар бірқатар жеңілдік пен жәрдемақы алуға құқылы. Айталық, «Алтын алқа» мен «Күміс алқа»  алған аналар ай сайын мемлекеттен жәрдемақы алады. Сонымен қатар, олар салық төлеуде де жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, олар жеке тұлға ретіндегі мүлік және жер салығы, көлік салығы, оның ішінде бір көлікке ғана салық төлеуден босатылады. Кейбір заңнамалық қызметтер алуда да жеңілдіктер бар. Білім саласы бойынша көпбалалы ананың баласы мектепте тегін тамақтанады. Бұған қоса, мемлекет тарапынан киім-кешек беріледі»,-дейді заңгер.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар