Жаңалықтар
Мектеп салатын инвесторларға жерді тегін беру керек – депутат
- авторjambylinfo.kz
- 8 қыркүйек, 2022
- 224
Мектеп салатын инвесторларға жерді тегін беру керек – депутат
Бұл туралы сенатор Мұрат Бақтиярұлы еліміздің Премьер-министрдің атына жолдаған депутаттық сауалында айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Мәселені шешу үшін, мектеп құрылысына тартылған инвесторларға жұмыс жағдайын жасау маңызды. Ол үшін біріншіден, әлі де болса мемлекет тарапынан бала басына шаққандағы қаржыландырудың көлемін көбейту керек. Екіншіден, үлкен сыйымдылықты мектеп салатын инвесторларға жерді тегін беріп, мектеп салатын жерлерге коммуникация жеткізу мәселесін шешу қажет. Үшіншіден, мектеп мәселесі түбегейлі шешілгенге дейін банктерден жеңілдетілген несие берудің тетігін қарастыру қажет. Айтылған осы ұсыныстар инвесторларды ақылы түрде емес, тегін оқытатын мектептер салуға мүдделі ететіні сөзсіз, - деп сендірді сенатор.Депутаттың айтуынша, бүгінде еліміздегі 378 жекеменшік мектепте 7900 мұғалім жұмыс істеп, 144 мың оқушы білім алып жатыр. Алайда, жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне қарамастан, мемлекеттік және жекеменшік оқу орындары арасында кейбір құқықтық теңсіздікке жол берілген.
Мысалы, «Білім туралы» Қазақстан заңында Білім алушыларды «жалпы білім беру» қоры шеңберінде оқулықтармен, сондай-ақ тамақпен, киіммен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз ету тек мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін ғана көзделген, жеке мектептерге берілмейді. Сонымен қатар бюджеттік Біліктіліктің 221 және 222 бағдарламаларында кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүргізу тек мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін көзделген. Осыған байланысты, аталған мәселелерді реттеу үшін «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізу қажет, - деп түйіндеді сөзін сенатор.Дереккөз:http://baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз