Мектепке қандай заттарды кіргізуге тыйым салынды?
ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен білім ұйымдарына кіргізуге тыйым салынған және пайдалануға болмайтын заттардың тізімі бекітілді.
Бұл тізімге қарудың барлық түрі, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, сондай-ақ тесуге және кесуге арналған заттар кіреді.
«Білім ұйымдарында тыйым салынған заттардың тізімін әзірлеуге біз өткен жылы кірістік. Осы жылдың қаңтар айынан бастап «Білім туралы» заң шеңберінде осы тізімді әзірлеу және бекіту біздің құзыретімізде. Тыйым салынған заттардың тізімі Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерімен, ҰҚК, Бас прокуратурамен және Жоғарғы Сотпен бірлесіп жасалды», деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Жаңа норманы енгізу оқушылар үшін қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарды уақытылы анықтауға және оның алдын алуға мүмкіндік береді. Осылайша, мектептерге қару мен оған сыртқы ұқсастығы бар заттарды әкелуге қатаң тыйым салынады. Бұдан бөлек, білім ұйымдарында шаншитын, кесетін және өткір заттарды, өнеркәсіптік құралдарды, оқ-дәрі, жарылғыш, улы, психоактивті заттарды әкелуге және пайдалануға жол берілмейді.
Сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына шектеу енгізіледі. Бұл шектеулер денсаулықты бақылау үшін смартфонды қажет ететін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қатысты емес.
Мәселен, қант диабеті бар оқушыларға қандағы қантты бақылау үшін смартфон қажет болуы мүмкін. Балалардың тыйым салынған заттарды білім ұйымдарына кіргізгені үшін олардың ата-анасы мен заңды өкілдері жауапты болатынын айта кеткен жөн.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жамбыл облысында үш күнде 31 шетелдік елден шығарылды
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024