....

....

сәрсенбі, 28 ақпан, 2024 6:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«МЭЛСТІҢ МУЗАСЫ» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ

«МЭЛСТІҢ МУЗАСЫ» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
ашық дереккөзі
«МЭЛСТІҢ МУЗАСЫ» ӘДЕБИ-МУЗЫКАЛЫҚ КЕШ
 Кітапханада өнер әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар, сезім пернелерін дөп басатын, жүрек қылын шертетін лирикаға құралған «Ақтамақ қарлығаштар», «Келші Айым», «Жазылбекшілер маршы», «Келші Құланға!», «Тобылғы сай» сияқты әндердің авторы, композитор, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Мэлс Өзбековтың туындылары мен шығармашылық және өмір жолдарын келешек ұрпаққа кеңінен насихаттау, жастардың рухани пәрмені мен эстетикалық талғамын жоғарлату мақсатында композитордың 85 жылдық мерейтойына арналған «Мэлстің музасы» әдеби-музыкалық кеш өтті. Мәдениет саласының ардагері, Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, сазгер Бықыбаев Дүйсенәлі Дыбысәліұлының бастамасымен өткен іс-шарада Қазақстан Композиторлар одығының Жастар комиссиясының мүшесі бола жүріп, жас таланттарды тәрбиелеуге зор үлес қосқаны, сазгердің алғаш «Жазылбекшілер маршы», «Луговой жастарының вальсі», «Көгершін алқабында» әндері Одақ көлемінде орындалғаны, композитор бірнеше оперетталар мен қызылшашылырдың өмірінен жазылған «Жайнаған жасыл толқындар» пьесасына ән жазғаны, қазақтың қоңыр тірлігімен үйлесім тапқан тобылғылы дала, жусанды жазық, селеулі боз беткейді бейнелеген әндерін тыңдарман көңіліне ұялатқан Құланның қоңыр мінезін бойына дарытқан талант иесі туралы әңгімелер мен сағынышты естеліктер айтылды. Облыстық ақсақалдар алқасысының төрағасы Еркінбек Солтыбаев, билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңласын Қарабайұлы, орынбасары Жұмабек Талғат, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының директоры Қасымхан Төлендиев, Меркі ауданы ақсақалдар алқасы төрағасы Байсейіт Жылысбаев, ақындар Шырын Мамасерікова, Ғайни Әлімбекқызы, Хамит Есаман, басқа ауыл ақсақалдары мен композитордың бауырлары, ауылдастары халық қаншалықты композитордың жазған әндерін ерекше жақсы көретінін жеткізіп, өзі өмірден өтсе де соңында өшпес ізі қалдырып, әуезді әндерімен есімі ел есінде қалған Мэлс Өзбеков Әулиеата жерінде дүниеге келген ерекше талант иесі екенін атап өтті. Сонымен қатар, кеш барысында сазгердің ән мұрасын насихаттай отырып, журналистикадан бөлек, жазушылық қырымен де танылған қарымды қаламгер Ерман Әбдиевтің «Мэлстің музасы» кітабының тұсаукесері өтті.  width= К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармонияның әртістері, Мәдениет саласының үздіктері Оңал Азаматова, Торғын Орынбаева мен Маралбек Бабақұлов ақын Абдрахман Асылбековтың сөзіне жазылған композитордың «Келші айым», Ғайни Әлімбекқызының сөзіне жазылған Дүйсенәлі Бықыбаевтың «Мэлсті аңсау», ал Мэлс Өзбеков атындағы Т.Рысқұлов аудандық мәдениет үйінің әншілері Кәріпжан Нүсіп пен Рысбек Қадірқұлов композитордың «Келші біздің Құланға» әндерін кеш қонақтарына тарту етті.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар