дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 12:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мембағдарлама бойынша қазақстандықтар тек бір-ақ рет баспана ала алады

Мембағдарлама бойынша қазақстандықтар тек бір-ақ рет баспана ала алады
ашық дереккөзі
Мембағдарлама бойынша қазақстандықтар тек бір-ақ рет баспана ала алады
  Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша үй алу кезегінің тізіміне адамның қайта тұруына жол берілмейді, деп мәлімдеді Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында.   Кезек мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысы бұған дейін "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-тың негізінде толыққанды даму және қолдау институты "Отбасы банкін" құрып, оған жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды өткізуді тапсырған, - деді Атамқұлов. Оның айтуынша, "Отбасы банкі" базасында тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын бір жерден тіркеп, есепке алып, оны қадағалайтын "Тұрғын үймен қамсыздандыру орталығы" құрылады. Сондай-ақ бұл орталық тұрғын үйдің қолжетімділік сатысы бойынша қаулыда көрсетілген мерзімге сәйкес, баспананы таратып береді. Тұрғын үй орталығының базасы жеке тұлғалардың мемлекеттік мәліметтер базасымен біріктірілетін болады. Базаға екінші мәрте қосылуға жол берілмейді, азаматтар мемлекеттік бағдарламаларға бір рет қана қатыса алады, - деді министр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар