Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 23 ақпан, 2026
- 209
Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.
Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Референдум – 2026: Кәсіпкерлер де өз таңдауын жасады
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 наурыз, 2026





