Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттік күнімен құттықтады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 15 ақпан, 2025
- 210

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан Президенті жеделхатында Сербияны Балқан түбегіндегі дамуы тұрақты, инфрақұрылымы өркендеген әрі мәдени мұрасы бай ел ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады, - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Александр Вучичке жылы лебізін жеткізіп, серб халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.