Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 ақпан, 2026
- 329
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті Сербияның Мемлекеттілік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысының айтуынша, бұл мереке серб халқының ұлттық бірлікке, дербестік пен дәйекті дамуға ұдайы бейіл екенін көрсетеді.
Жеделхатта еліміздің Сербиямен шынайы достыққа және ортақ ұмтылысқа негізделген берік қарым-қатынасты жоғары бағалайтыны жазылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичтің мемлекеттік қызметіне табыс, ал Сербия халқына бақ-береке тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Үшаралдағы ұлы думан: бірлік пен дәстүр тоғысқан күн
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026
Жаңалықтар
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу талабы қатаңдатылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 наурыз, 2026





