Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Әбдіғали Қаймолдиннің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 шілде, 2025
- 757
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, "Халық қаһарманы" Әбдіғали Қаймолдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Әбдіғали Қаймолдин жастай майдан даласына аттанып, ерен ерлігімен жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан батыр тұлға болды. Бейбіт кезеңде мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, ел игілігі жолында ұзақ жыл қызмет етті. Ғасыр жасап, соңына өнегелі жол қалдырған Әбдіғали Қаймолдиннің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жаннатта болсын", – деп жазылған жеделхатта.
Келесі мақала
Еңбек кітапшасы енді қажет емес – министрдің мәлімдемесі
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Қарулы күштерде әскери қызметшілерді мамандық бойынша дайындау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 желтоқсан, 2025






