Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 13 қыркүйек, 2024
- 545
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қабылдады, Кездесу барысында министр білім саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ғани Бейсембаев еліміздегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру салаларын дамыту мақсатында қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.
«Былтыр 137 мың оқушыға арналған 154 жаңа мектеп ашылды. Бұл 29 үшауысымды, 12 апатты мектептің мәселесін шешті. Жаңа оқу жылында 365 мың оқушыға есептелген 221 білім ошағын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Мектептерді пәндік кабинеттермен жабдықтау көрсеткіші 2 есе артып, интернеттің сапасы жақсарды. Еліміздегі мектептерде оқулықтар толықтай цифрлық форматқа көшірілді. Қазақстан атынан халықаралық олимпиадаларға қатысқан әрбір екінші оқушы жүлделі орындарға ие болып жүр. Былтыр ел оқушылары 58 алтын медаль жеңіп алды», - деді министр.
Сонымен қатар еліміздің бас ұстазы білім беру ұйымдарында тәрбие жұмыстары басым бағыттардың бірі болып қала беретінін, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы қолға алынғанын тілге тиек етті.
Бұған қоса, Ғани Бейсембаев техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, инклюзивті және арнайы оқытуды дамыту жөніндегі жобаларды таныстырды.
Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министріне саланы одан әрі жетілдіру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024