Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 4 наурыз, 2025
- 187

Мемлекет басшысы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Облыс әкімінің баяндамасынан:
Ислам даму банкі 135,5 миллиард теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдаған; ➤ Түркістан қаласы мен жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр; ➤ мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңгені құрайтын 5 жоба іске асырылады;
жүгері-сірне зауытының құрылысы басталған;
Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынған;
биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі;
медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі;
45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды.
Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді.