жексенбі, 24 қараша, 2024 4:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірген шенеунік сотталды

Мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірген шенеунік сотталды
ашық дереккөзі
Мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірген шенеунік сотталды
  Таразда мемлекетке 50 миллион теңгеден астам шығын келтірген шенеунік 3,5 жылға сотталды. Бұл туралы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Айырықша маңызды істер бойынша тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты.   Ол "Жамбыл облысы Мойынқұм және Қордай аудандарындағы уран кен орындарындағы нысандарда қоршауды қалпына келтіру және ескерту белгілерін орнату" бойынша орындалмаған жұмыстарды орындалды деп қабылдау актілеріне қол қою арқылы қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікке ілінді, соның кесірінен мемлекетке 50 822 236 теңге көлемінде зиян келтірілді, - деді Биғайдаров. Ол 3 наурызда Тараз қаласының N2 сотының үкімімен Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылғанын атап өтті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар