жұма, 21 наурыз, 2025 8:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беретін» алаяқ ұсталды

«Мемлекеттік бағдарламамен үй алып беретін» алаяқ ұсталды
Фото: Polisia.kz
Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.

Кентауда төрт бірдей тұрғынды алдаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Түркістан облысы Кентау қаласының полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 24 жастағы ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, ер адам қаладан пәтер алмақ болған жәбірленуші әйелді алдап кеткен. Жәбірленушімен танысқан күдікті қаладан мемлекеттік бағдарламамен үй алуға көмектесетінін айтқан. Қызметі үшін ол алдын ала 500 мың теңге ақшасын алып, кейін онымен байланысын үзген.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында күдіктінің дәл осылай алаяқтықтың 3 жайтына қатысы бар екенін анықтады. Келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңге. 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар