жексенбі, 24 қараша, 2024 10:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
ашық дереккөзі
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛҒАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
Биыл мемлекеттік грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырғандар қатары артып келеді.
Солардың бірі жаңатастық Ұлжан Қуанышбаева. Ол мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтарымсыз қаржы алып, сұлулық салонын ашты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арт­тырған кәсіпорындарға қолдау көрсе­тіледі. Бұл – негізгі талап» дегені есі­мізде. Осы ретте жастайынан осы кәсіп түріне икемі бар Ұлжан қайтарымсыз грант қаражатына керекті құрал-жабдықтарын алып, жұмысын бастап кетті. Шаш қию, шаш бояу, түрлі шаш үлгілерін жасау, тырнақ әрлеу сияқты жұмыстармен айналысып отырған жас кәсіпкер өз ісін кәсіп көзіне айналдырғанына қуанышты.
Қазір бизнестің сан алуан түрі бар. Жаңатас қаласының тұрғыны Тайшева Айсұлу Жарасқызы жауапты да табысты қызметтің түрі клининг қызметін көрсетумен айналысады. Ол өзінің ұсынған жобасына сәйкес биыл алған 1380000 тенге қайтарымсыз грант қаражатына тазалау жабдықтарын алып, үй, пәтер ішіне, үй жиһаздарына тазалау жұмыстарын жүргізумен айналысуда.
Қажеттіліктердің көбеюіне қарай қоғамда түрлі сұраныс пайда бола бастады. Биыл қайтарымсыз грант иеленген жаңатастық тұрғын Амантаева Қамажай Диханбайқызы мақта, жүн тазалау жұмыстарымен айналысып отыр. Тұрғындардың сұранысына қарай, көрпеше, жастық өзге де мүліктердің ескірген мақталарын, жүндерді қайта тазалап иесіне ұсынып отыр. Қамажай алған қайтарымсыз грант қаражатына арнайы аппарат пен қажетті құралдар сатып алған. Бұл кәсіп түріне тұрғындардын сұраныс жоғары.
Жаңатастық Бейсенов Оралбек Жәнібекұлы да биыл мемлекеттік қолдауға ие болғандардың бірі. Оған да кәсібін ашуға мемлекеттік грант септігін тигізген. Тиісті құжаттарын тапсырып, арнайы кәсіптік оқудан өтіп, сертификат алған. Қайтарымсыз қаражатқа ие болған ол, арнайы құрал-жабдықтарын сатып алып, жекелеген үйлерге, ғимараттарға заманауи үлгіде жөндеу жұмыстарын жүргізеді.
Шағын тігін цехын ашқан Жаңатас қаласының тұрғыны Малибаева Гүлмира Абдіманапқызы осы жылы мемлекет тарапынан қолдауға ие болған көп балалы ана. Тігін тігу туралы жобасын сәтті қорғап, осы жылы 400 АЕК мөлшерінде (1380000 теңге) қайтарымсыз грантқа қол жеткізген. Грант қаражатына тігін машинасын, қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар сатып алып, кәсібін жүргізіп отыр. Тұрғындардың тапсырыстарын қабылдап, киім қысқарту, жөндеу т.б. бұйымдарды тігумен айналысуда.
Сондай-ақ, Ақтоғай ауылының тұрғыны Айдар Қазылықов та құжат тапсырып, қайтарымсыз грант алуға талпынып көрді. Нәтижесінде осы жылы 1380000 теңге мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алып, сауын сиырлар сатып алды. Отбасымен сиыр малын өсіріп, сүт өнімдерін өндіруге ниеттенген. Сиырды сауып, сүт өнімдерін өндіруге жұбайы көмектеседі. Сүт өнімдерін тұтынушыларына өткізеді, отбасында пайдаланады. Алдағы уақытта мал басын арттыру, өнімді ұлғайту да ойында бар.
Шынында кәсіп ашып, жаңа бизнес-идеяларды іске асырғысы келетіндерге мүмкіндік мол. Әсіресе, портал арқылы грант алуға өтініш бергендер тиісті шарттарды орындау үшін кәсіпкерліктің есігін еркін ашуына болады. Грант сомасы – 400 АЕК, яғни 1 млн 380 мың теңгеге тең. Информбюро қайтарымсыз гранттарды қалай алуға болатынын түсіндіреді. Жыл басынан бері екі лек өтіп, 5274 грант берілді. Үшінші лек аясында республика бойынша 3780 грант беру жоспарланып отыр. Грант алуға 11 қыркүйектен 22 қыркүйекке дейін өтінім беруге болады. Ең көп грант берілетін өңірлер: Қызылорда облысы – 805; Түркістан облысы – 761; Жамбыл облысы – 529. Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыруға арналған мемлекеттік грантқа үміткер бола алады: тіркелген жұмыссыздар; жеке кәсіпкерлер (тіркелгеніне үш жылдан аспауы керек). Бұл жағдайда өтініш беруші келесі әлеуметтік санаттардың біріне жатуға тиіс:
  • атаулы әлеуметтік көмек алушылар; - көпбалалы отбасы мүшелері (күйеуі, әйелі); - мүгедектігі бар адамдар; - қандастар; - қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері; - аз қамтылған отбасы мүшелері; - асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар; - мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адамдар.
Үміткерде "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты (үш жылдан аспайтын) болуы керек. "Бастау Бизнес" сертификатын қалай алуға болады? "Бастау Бизнес" жобасы бойынша оқу үшін business.enbek.kz порталында тіркелу қажет. ЭЦҚ сұралады. Сәйкестік расталғаннан кейін skills.enbek.kz платформасында "Бастау Бизнес" жобасы бойынша тегін оқу курсына жазыла аласыз. Оқыту 12 модульден, олардың әрқайсысы бірнеше сабақтан тұрады. Оның бәрін қатысушы 14 күн ішінде меңгеруі қажет. Әрбір модуль аяқталғаннан кейін аралық тестілеу өткізіледі. Сұрақтардың кемінде 70 пайызына дұрыс жауап бергенде ғана келесі модуль ашылады. Тестіні бірнеше рет тапсыруға болады. Курсты аяқтаған соң да қорытынды тестілеу өткізіледі, бірақ оны екі рет қана тапсыра аласыз. Мұнда да кемінде 70 пайызына дұрыс жауап беру керек. Оқуды аяқтамағандар бір жылда екі рет қана оқи алады. Қорытынды тестілеуді сәтті тапсырғаннан кейін оқуды аяқтағаны туралы сертификаты беріледі. Сертификат болған жағдайда мемлекеттік грант алуға үміткер бола аласыз. Сертификат үш жылға жарайды. Мерзімі біткеннен кейін кәсіпкерлік негіздерін қайтадан оқуға болады.Оқи отырыңыз: Жұмысшы жастар кәсіп бастауға 2,5 пайызбен қалай несие ала алады?Өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі грант сомасы – 400 АЕК (1 380 000 теңге). Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.Грант қаражаттары жаңадан бастаған кәсіпкерлерге бизнес әлеуетін іске асыруға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Өтініш беру үшін:
  • порталда тіркелу; - грант алу шарттарына сәйкестігін тексеруден өту; - бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға жүктеу; - өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ кілтімен қол қою керек.
Жастарға арналған 2,5%-дық кредит. Кімдер, қашан және қалай алады? Порталға электронды пошта немесе ұялы телефон нөмірі арқылы тіркелуге болады. Enbek.kz порталында бұрын тіркелген аккаунтыңыз болса, онда қайта тіркелудің қажеті жоқ. Пайдаланушыны сәйкестендіріп, тіркеуді аяқтау үшін ЖСН көрсету керек. Одан кейінгі қызметтерді алу үшін ЭЦҚ қажет, ЭЦҚ болмаса оны eGov порталынан қашықтан алуға болады. Бизнес-жоспар – бұл бизнесті құрудан бастап нақты мақсаттарға жетуге дейінгі нұсқаулық. Ол неғұрлым жақсы пысықталған және қазіргі жағдайларға бейімделген болса, оны іске асыру және грант түрінде қаржылық қолдау алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны бизнес-жобаңыз туралы деректермен толтырып, грантқа онлайн өтініш берген кезде пайдалану қажет. Жеке кабинетте бизнес-жоспарды жүктеп, грант алуға онлайн өтінім бергеннен кейін тіркелген телефон нөміріне комиссия отырысының уақыты, өтетін орны жазылған SMS-хабарлама келеді. Отырысқа келмеген үміткердің өтініші қаралмайды. Интернетке кіру немесе компьютер пайдалану мүмкін болмаса, жұмыспен қамту орталықтары мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтініш беруге болады. Грантты қандай мақсаттарға алуға болады? Грантты қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықты, жануарларды, бұталарды, тұқымдарды, көшеттерді сатып алу және үй-жайларды жалға алу мақсатында алуға болады. Бұл ретте жұбайынан, жақын туыстарынан сатып ала алмайды, жалға ала алмайды. Кәсіп бастауға қалай 1,4 млн теңге қайтарымсыз грант алуға болады? Шағын нұсқаулық Гранттар: тұтынушылық мақсаттарға; кредиттік қарыздарды өтеуге; жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға; жер учаскелерін сатып алуға; акцизделетін өнімдер өндіруге берілмейді. Гранттарды грант алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі аудандық/қалалық комиссиялардың шешімдері негізінде жұмыспен қамту орталықтары береді. Үміткерлер комиссия отырыстарында бизнес-жобаларын таныстырады. Комиссияның әрбір мүшесі бизнес-жоспарды бағалайды. Олар келесі талаптар бойынша бағалау парағын толтырады:
  • бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі; - өткізу нарықтарының пысықталуы; - бизнес-жобаның қаржылық өміршеңдігі; - кәсіпкерлік дағдылардың деңгейі; - жаңа жұмыс орындарын құру.
Осылайша, комиссия грант беру туралы шешімді нақты талаптарға сүйеніп қабылдайды. Комиссия шешімі өтініш берушінің порталдағы жеке кабинетіне жіберіледі. 35 жасқа дейінгі жұмысшылар қалай арзан пәтер жалдай алады? 7 сұраққа жауап Мемлекеттік грант беру мақұлданған жағдайда, грант иегері 3 жұмыс күні ішінде жеке кабинетінде 20 таңбалы жеке сәйкестендіру кодын (IBAN) ұсынуы қажет. Банк деректемелерін көрсетілген мерзімде ұсынбаса, комиссияның мақұлдауына қарамастан грант беруден бас тартылады. Олай болса келесі лектерде грантқа қайта өтініш бере алады. IBAN ұсынғаннан кейін Халықты жұмыспен қамту орталығы электронды шартты дайындап, қол қояды. Үміткерге шартты қол қоюға жібереді. 3 жұмыс күні ішінде ЭЦҚ көмегімен жеке кабинетке келіп түскен мемлекеттік грант беру туралы шартқа қол қою қажет. Шартқа көрсетілген мерзімде қол қоймаса, үміткер автоматты түрде грант ала алмайды. Сондай-ақ алдағы уақытта ағымдағы қаржы жылында грант алуға үміткер бола алмайды. Шартқа қол қойылғаннан кейін грант қаражаты 5 жұмыс күні ішінде банк шотына түседі. Осы мерзімде шотқа ақша түспесе, тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту орталығына хабарласу қажет. Олардың мекенжайы мен байланыс телефондарын мына сілтемеден таба аласыз. Грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап грант иегері мен жұмыспен қамту орталығы арасында шарттық міндеттемелер басталады. Шартқа сәйкес бір жыл ішінде грант қаражатын мақсатты пайдаланғаны жөнінде тоқсан сайынғы есептерді ұсынып отыру керек. Сонда бір жылда барлығы 4 есеп тапсыру қажет. Есептерді онлайн форматта, пайдаланушының жеке кабинетінде "Есепті тапсыру" функционалы арқылы тапсыруға болады. Есеп туралы ақпарат интеграция арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түседі. Грант иесіне тек жүзеге асыратын бизнестің кейбір көрсеткіштерін көрсетіп, растайтын құжаттарды тіркеп, үш сауалға жауап беруі қажет. Есеп ұсынылмаса, қосымша растайтын құжаттар берілмесе немесе есепте жалған мәліметтердің бары анықталса, Жұмыспен қамту орталығы есептелген грант қаражатын қайтаруды талап етуге құқылы. Грант қаржысы мақсатты пайдаланылмаса немесе расталмаса, шарт жасалған күннен бастап үш ай ішінде портал арқылы ерікті түрде ақшаны толық қайтаруға өтінім береді. Келесі жағдайда растау талап етілмейді:
  • әскерге шақырылса; - жұмыссыз адамды бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталса; - заңды күшіне енген сот шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеуге жіберілсе; - грант алушы қайтыс болса.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар