сәрсенбі, 9 қазан, 2024 15:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттік тілді білу — өмір талабы, заман сұранасы, қоғам қажеттігі – судья

Мемлекеттік тілді білу — өмір талабы, заман сұранасы, қоғам қажеттігі – судья
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Сот саласында қазақ тілінің қолдану аясы кеңейіп келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында
«Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала беретінін айтқан. Президент қазақ тілі, шын мәнінде, білім мен ғылымның, мәдениет пен іс жүргізудің тіліне айналуда. Жалпы, мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейіп келетінін тілге тиек етіп келеді. Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Гүлжамал Тәжиева Отанды сүю -  ана тілге деген құрметтен басталатынын айтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

"Тіл  халықтың жандүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші. Сондықтан мемлекеттік тілді білу  өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деп қабылдаған жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіп келеміз.Тіл білу қажеттілігі жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Өйткені, ана тілінің өмір сүру кеңістігін тілді сақтау, ал тілді сақтау ел тұтастығын сақтау. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден басталуы керек. Айналада адамдарға, өзіңнің өскен ортаңа, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарас та туған тіліңді білуден басталады",-деді судья. 

Гүлжамал Тәжиева адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі екенін тілге тиек етіп, жастарды ана тілін аяулауға, құрметтеуге шақырды.

«Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан-дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі...»- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі болуы керек. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Соңғы жылдары мемлекеттiк тiл саясатында үлкен бетбұрыстың басталғаны анық. Ол ел өмiрiнiң барлық салаларында байқалып отыр. Тек соны көре бiлетiн, iске жанашырлықпен қарайтын, ақиқатын айтатын ақ ниет керек. Қазақта: "Жоқ десең, жоғаласың" дейтiн де ғибратты сөз бар. "Жоқ" деп алақан жайып айғайлай бергеннен, оны келiп бiзге ешкiм де iстеп бермейдi. Ел де, тiл де бiздiкi, оған бiзден басқа бiлек сыбанып қызмет ететiн күш жоқ. Ұлтқа еңбек етуге қазiр барлық жағдай бар. Олай болса, Тәуелсiз Отанымыздың киелi шаруасына әр азамат өзiнен, отбасынан, еңбек етiп жүрген ұжымынан, қоғамдық қызметiнен бастап өз үлесiн қосуы керек. Сондықтан да, елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімі болуы керек. Ана тіліміздің өркендеуі – еліміздің өркендеуі екенін естен шығармайық",-дейді ол.

Сондай-ақ, судья 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік  мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданғанын, егемендік алғаннан кейін 1995 жылы Ата заңымыздың 7 бабына сәйкес «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл» болып айқындалғанына тоқталған.

" Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады»-деп айтқан екен атам қазақ. Жер бетіндегі кез келген халықтың мәңгілік болып қалуы-ұлттық тілдің сақталып қалуы болып табылады. Тіл меңгеруде ата-ананың ерекше екенін, әр отбасы өз баласына қазақ тілін сол нәресте кезінен  үйретуді қолға алса, бұл тіліміздің еш бір қиындығы жоқ. «Ана тілін білмеген, халқын сүйіп жарытпас» демекші өз ана тілін білмеген жаннан, халқын сыйлайтын жанның шығуы екіталай. Шынында қазақ пен қазақ, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз зат. Бірақ қазақ тілі-тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл-ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі.мКез келген қазақ, қазақстандық бір-бірімен тек мемлекеттік тілде сөйлесетін уақыт келді. Тәуелсіздік қазаққа не берді десек, санамыз өсті, санамыз өркендеді, рухымыз жанданды. Рухымызбен бірге тіліміздің тұғыры да биіктеуі шарт. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»-деп Қадыр Мырзалиев ағамыз айтқандай, қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды. Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен. Осы орайда, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаса жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Жалпы айтқанда, кез келген елде тілдік ахуал өзгерген жағдайда тіл саясаты да жаңа талаптармен толығып отыратыны ақиқат. Жәнеде барлық елдерде мемлекеттік тілді білу заң арқылы міндеттелген,-дейді Гүлжамал Тәжиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар