жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 4:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мен қазақ мәнерін көрсетемін: Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа келді

Мен қазақ мәнерін көрсетемін: Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа келді
ашық дереккөзі
Мен қазақ мәнерін көрсетемін: Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегасқа келді
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) өзінің Лас-Вегасқа келгенін мәлім етті. Мұнда ол 26 маусым күні орта салмақ санатында WBA Regular бұрынғы әлем чемпионы Роб Брантпен (26-2, 18 КО) жұдырықтасады. «Біз Лас-Вегастамыз. Сенбі күні Вегаста үлкен жаңалықтар болады және бүкіл әлем бұл туралы білетін болады. Вегаста не болып жатқаны Вегаста қалмауы керек. Мен қазақ мәнерін көрсетемін», - деп жазды Жәнібек Twitter-де. Әлімханұлы – Брант жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 27 маусым күні 08:00 шамасында басталады. Соңғы рет Жәнібек шаршы алаңға қазан айында шыққан болатын. Ол кезде аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутпен жеңген еді. Роб Брант өзінің соңғы айқасын 2020 жылдың тамыз айында өткізіп, бесінші раундта украиналық Виталий Копыленконы (28-3, 16 КО) нокаутқа жіберді.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар