«Мен оны тез нокаутқа түсіремін»: Жәнібек Әлімханұлын өзін әжуалаған Андрей Михайловичті жеңетінін айтты
- авторjambylinfo.kz
- 3 қазан, 2024
- 1.2k
Жәнібек Әлімханұлы Сиднейде (Аустралия) жаңазеландиялық Андрей Михайловичпен жұдырықтасады. Отандасымыз орта салмақта WBO және IBF титулдарын қорғайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңдағы қарсыласы Андрей Михайловичт жылдам нокаутқа түсіретінін тілге тиек етті.
- Мен үшін бұл жекпе-жектің маңызы өте зор. Өйткені Андрей Михайлович менің титулдарыма ресми үміткер боксшы. Ол қазір мен үшін бұлт сияқты. Күнді көру үшін тез бұлттан құтылуым керек. Мен үшін бұл қиын жұмыс емес. Мен оны шаршы алаңда жылдам нокаутқа түсіремін, - деді жерлесіміз.
Сондай-ақ, ол сонау 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында атой салған қазақ боксшыларының ерлігін қайталағысы келетінін айтты
- Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында екі қазақ боксшысы алтын жеңіп алды. Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ибрагимов талай қазақты шабыттандырды. Мен де солар сияқты елімнің абыройын асқақтатуды армандап өстім. Сидней қаласында жұдырықтасатыныма өте қуаныштымын. Мен 2000 жылғы Олимпиада чемпиондары сияқты Сиднейде өз туымды әлемге тағы бір рет көрсеткім келеді, - деді Жәнібек Әлімханұлы арманын айтып.
Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайловичті арасындағы айқас 13 шілде күні Лас-Вегасте (АҚШ) өтуі тиіс болатын. Өкінішке қарай, Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу салдарынан есінен танып, шұғыл ауруханаға жатқызылған еді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз