жұма, 27 желтоқсан, 2024 21:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ-МУЗЫКА ЖЕТЕКШІСІ...

МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ-МУЗЫКА ЖЕТЕКШІСІ...
ашық дереккөзі
МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ-МУЗЫКА ЖЕТЕКШІСІ...
Жәй ғана құлаққа естілгенде құрғақ, жансыз біртектес... Бірақ тереңіне үңілсек осы екі сөзде керемет ғажап шындық жатыр. «Музыка жетекшісі» керемет, сезімтал, мейірімді білмейтіндерге қол ұшын созушы, жаңалыққа жаны құмар жандар. Музыка дегеніміз-сырлы да сиқырлы дыбыс. Біз ол музыканы сезінуге, түсінуге естуге үйретеміз. Әуен жүрегіңді баурап, жан тербетер ән, сазды музыка тыңдаған адамның жүрегі жай тауып, рахат сезімге, ерекше қуанышты жәй күйге бөленеді.Музыка көңілді көтереді, бойды сергітеді, жанға жайлы эмоция тудырады. Музыка адамға қанат бітіріп, бүкіл әлемді бағындырғандай күйге бөлейді. Музыка жетекшісі жәй ғана мамандық емес-оны атақ абыроймен алып жүру керек. Мен жұмбақ және сиқырлы музыка әлемінің есігін айқара ашамын... Менің атқарып отырған қызметімдегі мәртебе – ол балалардың көзіндегі музыка тіліне деген қызығушылықтары. Мерекелік сценарийлерді құрушы ,ойын-сауық бағдарламалардың жасалуына, олардың әзірлеуіне, көрнекі құралдарды, материалды уақтылы әзірлеуші – зор мамандық иесімін. Баланың музыканы тыңдауы, қабылдауы, есте сақтауы . әнді жеке айту, қосылып айту,әннің сөзін дұрыс,анық айту , әні мен сөзі арасындағы байланысын , ән мен дене қимылының үйлесімділігін бере білу , қызығушылығын қалыптастыру- музыка жетекшісінің шеберлігіне, іскерлігіне,білімділігіне, осы мамандықты бар жан дүниесімен меңгере білуінде деп білемін. Шығармашылық саланың ішінде музыкалық эстетикалық тәрбие дегеніміз- сұлулықты, көркемдікті сездіртіп ,үйретіп қана қоймай , өз бойына сіңіре білуді әдет-дағдыларына айналдыру. Менің өзім осы оқушылармен жұмыс жасағанда , музыка тілінің құдіреттілігін жаңаша көзқараспен және жүрекпен шынайы сезіне білдім. Менің көзімнің жеткені балалар да бізге көп нәрсе үйрете алады. Мысалы: Бала сияқты сезіну,сүю, түсіну ересектерде табиғатында жоқ нәрсе. Балалардың үлкен өмірге деген іргетасын біз қалаймыз.Яғни, балалардың болашақта тәрбиелі, мәдениетті болып өсуіне біздің қосар үлесіміз зор. Баланың ішкі жан дүниесінің бай , ой-өрісінің дамуы, асыл қасиеттерін,қабілетін дамытушы біз - музыка жетекшісі. Мені қуандыратын жағдай балалардың музыка залына ерекше құштарлықпен келуі.Мен оларды көргенде бойымды ерекше қуаныш сезімі кернейді. Мен балаларды ән тыңдатуға,ән айтқызуға, музыкалық аспаптармен таныстыруға бар ынта жігеріммен дайындаламын. Музыка оқу іс-әрекетінде балалардың қиялы ұшқыр музыка әлемі мен ертегі әлемінің арасындағы ортақ қызығушылықтар байланыс табады. Мерекелікті ұйымдастырғанда әрдайым балаларға қолайлы өзара түсінушілік, ерекше қиял ғажайып әлеміне саяхат жасатуға тырысамын. Балалардың жеке басының қасиетін,қабілетін, талантын, шығармашылықпен ұштайтындай етіп ұйымдастырамын. Шығармашылық іс-әрекетке баулып, олардың белсенділіктерін,қызығушылықтарын арттыра түсу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану міндетіміз.Біздің міндетіміз балаға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншілігін ашып көрсету. Музыка тілін терең түсінген және меңгерген адам кеңпейіл, ақылды,сезімтал өзіне жақын адамдарды, айнала қоршаған ортаны сүйеді, түсінеді, сезінеді деп білемін. Бөлегенов Мейрқұл  Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" мектеп-интернаты КММ музыка жетекшісі  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар