Жамбыл облысындағы Меркі өзенінің арнасы толды. Өзендегі су деңгейі көтеріліп, жақын аумақтағы елді мекендерге қауіп төндірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының
мәліметінше, Жамбыл облысында 2024 жылғы 10-13 мамыр аралығында қатты жаңбыр жауады деп болжануда.
Облыс әкімдігінің мәлімдеуінше, бүгінгі таңда су тасқыны жағдайы тұрақты. Жауын-шашынның салдарынан Меркі өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі орын алды.
10.05.2024 жылғы сағат 20:00-ден бастап Меркі өзенінің арнасы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің жедел тобы қызметкерлерінің тәулік бойы
кезекшілігі ұйымдастырылуда, су айдындарының жай-күйі мен толуына үздіксіз мониторинг, бақылау шаралары атқарылуда.
Сонымен қатар, аталған өзен арнасы жағалауын жаяу аралап көру жүруде.
Меркі ауданының (68 адам, 22 бірлік техника, 6 мотопомпа, 3 электрогенератор) және Т.Рысқұлов
ауданының (100 адам, 34 бірлік техника, 7 мотопомпа, 4 электрогенератор) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің күштері мен құралдары жоғары дайындыққа келтірілді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің
тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Қ. Мәдібек, ТЖД бастығының орынбасары Е. Ақылбеков және басқа да жауапты лауазымды тұлғалар оқиға орнына жедел түрде жолға шықты.
Су қоймалары пайдалану ережелеріне сәйкес жұмыс істеуде.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024