Министр: «Ақылы жолдардан 2026 жылы 100 млрд теңге түседі»
- авторjambylinfo.kz
- 4 ақпан, 2025
- 426

Бүгін Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардан түсетін кірістің айтарлықтай өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Министр ақылы жолдардан алынған қаражаттың бір бөлігін құрылыс қарыздарын өтеуге жұмсау қарастырылып жатқанын айтты. Сонымен қатар, жолдарды қайта құру және жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты ақылы жолдар жүйесін енгізу жалғасуда. Қазіргі уақытта елімізде 3,2 мың шақырым ақылы жол жұмыс істейді.
Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту да қолға алынған. Қазір елімізде 1 446 сервис объектісі жұмыс істейді, олардың 90%-ы стандарттарға сай келеді. 2025 жылы бұл көрсеткіш 100%-ға жетіп, 400-ден астам жаңа қызмет көрсету нысаны салынады. 2029 жылға дейін 60 кешенді объектінің құрылысы жоспарлануда, оның ішінде 10 объекті осы жылы жүзеге асады.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз