жексенбі, 27 шілде, 2025 8:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Министр Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл мектебінің түлегімен кездесті

Министр Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған ауыл мектебінің түлегімен кездесті
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді

 ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған Жәнібек Әбілханды құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жоғары нәтиже көрсеткен талапкер – Түркістан облысы, Ордабасы ауданының мектебінің түлегі. Министр Жәнібекті жетістігімен құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді. Сондай-ақ талапкерге алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.

Кездесу барысында министр еліміздегі жоғары білім беру саласындағы мүмкіндіктер мен Қазақстанда ашылған шетелдік жоғары оқу орындарының әлеуетіне тоқталды.

    Біз қарапайым ауыл мектебінің түлегі ең жоғары балл жинағанына ерекше қуанамыз. Мемлекет тарапынан оның білімін әрі қарай дамытуына толық қолдау көрсетіледі. Бүгінде Қазақстан өңірлік академиялық хаб ретінде қалыптасып келеді. Елде құрылған білім беру экожүйесі халықаралық серіктестердің қызығушылығын арттырып жатыр. Жетекші шетелдік университеттермен бірлесе отырып, жаңа білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда. Бұл жетістіктер Қазақстанның білім беру жүйесінің халықаралық деңгейде мойындалғанын көрсетеді, – деді Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, Жәнібек Әбілхан 19 мамыр күні Шымкент қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында «Математика–Информатика» пәндер комбинациясы бойынша сынақ тапсырып, ең жоғары нәтиже көрсетті. Астанаға алғаш рет келген Жәнібек елордадағы бірқатар жоғары оқу орындарын аралап, білім беру инфрақұрылымымен танысты.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар