бейсенбі, 22 қаңтар, 2026 17:52

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Министрлік Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Министрлік Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Министрлік шетелде еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін айыппұл салынбай және қайта кіруге тыйым салынбай, елден ерікті түрде шыға алатынын еске салады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Министрліктің хабарлауынша, ерікті түрде елден шығу бағдарламасының мерзімін ұзарту жөніндегі уағдаластық 2025 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Әділет министрлігі арасында заңсыз көші-қонды азайту және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өткен келіссөздер барысында қол жеткізілген.

Аталған бағдарлама құқықтық салдарларды жеңілдетуге және өз мәртебесін реттеуге ниетті азаматтарды қолдауға бағытталған. Дегенмен ол қылмыстық құқықбұзушылық жасаған, мәжбүрлеп елден шығару шарасына жататын, сондай-ақ 2025 жылғы 1 желтоқсаннан кейін заңсыз мәртебеге түскен шетелдіктерге қолданылмайды.

Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өз еркімен кету туралы өтініш және әуе билеті қажет. Алдын ала хабарлама Корея Республикасының иммиграция органдарына ұшу күніне дейін 15-тен 3 күнге дейінгі мерзімде берілуі тиіс.

ЕХӘҚМ қазақстандықтарды шетелде тек заңды негізде жұмысқа орналасуға шақырады. Бұл заңсыз көші-қон, айыппұлдар, елден шығару, құқықтық шектеулер мен еңбек қанауы секілді тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар