....

....

сенбі, 2 наурыз, 2024 11:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссері Мұрат Есжанға белгілі кәсіпкер көлік мінгізді

"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссері Мұрат Есжанға белгілі кәсіпкер көлік мінгізді
ашық дереккөзі
"Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссері Мұрат Есжанға белгілі кәсіпкер көлік мінгізді

Бизнесмен Сырымбек Тау "Міржақып. Оян, қазақ!" фильмінің режиссері Мұрат Есжанға көлік сыйлады, деп хабарлайды Jambylinfokz El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл қазақстандық қоғамды кинозалдарда біріктірген тұңғыш фильм болды. Отандық картина көрермендердің жүрегіне жетті. Мұндай фильм режиссерінің еңбегі қандай құрметке де лайық, сол себепті ел жанашырына алғыс ретінде біз оған автокөлік сыйлауды ұйғардық, – деп атап өтті Сырымбек Тау.

Мұрат Есжан мұндай тосынсый күтпегенін айтып, алғыс білдірді. Сондай-ақ ол өзінің ескі көлігін көрсетті.

Енді жасыратын несі бар, айта берейінші. Жаңа шара болып жатқан жерде кіл жаңа, крутой көліктердің қасына қоюға ұялып, машинамды алысқа қойып кетіп едім. Терезесі ашылмайтын, багажнигін ішінен еңбектеп кіріп ашатын бұл көлікке де өкпе жоқ. Тақылдаса да, уілдесе де тоқтамай жүріп тұр. Бір емес, екі сериалды осымен жүріп түсірдік. Енді жаңа көлікпен жаңа жобалар жасауды жазсын! Осы көлікпен келіп, басқа көлікпен кетудің сәті түсіп тұр. Өте қуаныштымын, - деді Мұрат Есжан.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар