Жаңалықтар
«Mudaraba Capital» ісі бойынша сотталған азаматтың інісі қаржы пирамидасын құрды деп айыпталуда
- авторАрайлы Жақсылық
- 30 шілде, 2025
- 549
500-ден астам қазақстандық азамат алаяқтық схемасының құрбанына айналуы мүмкін.
Инвесторлардың айтуынша, бұл қаржы схемасын «Тендерлік биржа» компаниясының негізін қалаушысы Шыңғыс Құрманғалиев ұйымдастырған. Ол — атышулы «Mudaraba Capital» ісі бойынша сотталған Алмас Құрманғалиевтің туған інісі.
Алматыда өткен баспасөз мәслихатында салымшылар тергеу ісінің баяу жүріп жатқанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, инвесторларға келген жалпы шығын бір миллиард теңгеден асып кетуі мүмкін. Алайда бүгінге дейін тек кейбір салымшылар ғана жәбірленуші мәртебесін алған. Көпшілігі әлі күнге дейін тергелмеген, дәлелдер тәркіленбеген, ал Шыңғыс Құрманғалиев куәгер мәртебесінде қалып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






