Музейдегі санды көшірме және мұрағат жұмысы
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің мұрағатында сақталған тұлғалардың жеке тектік құжаттары мен фотосуреттер қоры материалдарының санды көшірмесін (оцифровка) жасау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта санды көшірме жасау көрме жұмыстарына, экспозицияға, ғылыми каталогтарға және т.б. мақсаттарға пайдалану үшін бірнеше рет пайдалануға, музейлік ғылыми-білім бағытында ізденген ғылыми қызметкерлер, зерттеушілер үшін қордағы қажетті мәліметті жедел түрде табуға, музейдің фото және құжаттық деректерден тұратын құндылықтарының толық сандық мұрағатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Музейдің архивист маманы құжаттар қорына реттеу, іріктеу, түгендеу мемлекеттік сақтаудағы реттік нөмірлерін қою, музейге түскен жәдігерлер тіркелген түсім кітаптарын электронды нұсқасын жасау жұмыстарымен айналысуда.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз