бейсенбі, 31 қазан, 2024 20:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Н.Нұржігітов: Жалақыны уақытылы беру, көтеру мәселелері басты назарда болуы тиіс

Н.Нұржігітов: Жалақыны уақытылы беру, көтеру мәселелері басты назарда болуы тиіс
ашық дереккөзі
Н.Нұржігітов: Жалақыны уақытылы беру, көтеру мәселелері басты назарда болуы тиіс
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті. Басқосу барысында еңбек қатынастарын реттеу, жалақыны уақытылы төлеу, еңбек жағдайларын жақсарту, жұмысшылардың құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы бойынша мәселелер қаралды. Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және шешу бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Жыл басынан бері облыстағы 1200 кәсіпорын 46051 жұмысшының жалақысын орта есеппен 27,1 пайызға өсірген. Бейресми жұмыспен қамтылған 879 жұмыс берушідегі 4691 жұмысшының еңбек қатынастары заңдастырылып, көлеңкелі экономикадан шығарылды. Бүгінгі күнге дейін 1205 кәсіпорынға Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 182-бабын (жұмыс беруші қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруға міндетті) сақтау қажеттігі туралы хабарлама жіберілді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында айына бір рет өңірлерде үшжақты комиссия отырысын өткізу міндеті қойылды. Алайда, 8 айдың қорытындысы бойынша Тараз қаласы мен Жамбыл, Байзақ, Жуалы, Қордай, Талас, Шу аудандарында комиссияның бес рет ғана отырысы өткен.
- Жалақыны уақытылы беру, көтеру мәселелері басты назарда болуы тиіс. Еңбек дауларын дер кезінде анықтап, шешу қажет. Аудандық үшжақты комиссиялар осы бағыттағы жұмыстарды күшейтуі керек, - деп тапсырды Нұржан Нұржігітов.
Аймақ басшысы аудан әкімдеріне еңбек инспекциясы басқармасымен, кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істеуді, еңбек келісім-шарттарын электронды форматқа көшіру мәселесін бірлесе атқаруды тапсырды. Сондай-ақ Тараз қаласы мен аудан әкімдері, басқарма басшылары, кәсіпорын өкілдері өз ойларын ортаға салды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар