сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден өтті

Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева өмірден өтті
Мұрағаттағы фото: instagram.com/dinaratlendiyeva
Бұл туралы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі мәлімдеді.

  Бүгін, 11 наурыз күні белгілі актриса, күйші, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендиева дүниеден өтті, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

"Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, талантты актриса, күйші, сазгер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің жары - Дариға Тілендиеваның өмірден озуына байланысты қайғыра көңіл айтады.

Дариға Тілендиева ұлттық мәдениетіміздің дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті өнер иесі. Ол Халық қаһарманы, күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің өмірлік жары ғана емес, сазгердің шығармашылық мұрасын сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізген тұлға болды.

Дариға Тілендиева «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген «Алты жасар Алпамыс», «Құлагер», «Ақ машина», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» сынды көркем фильмдері арқылы, ұлттық кино өнерінде өшпес із қалдырды.

Дариға Тілендиеваның өнері мен рухани мұрасы қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады", – деп жазды оркестр ұжымы.  

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар