жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Нұржан Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Нұржан Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
ашық дереккөзі
Нұржан Әлтаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Астана соттарының хабарлауынша, сот сыбайлас жемқорлық бойынша күдікті экс-вице-министрге қатысты үкім шығарған.
– Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша экс-вице-министр А.-ға қатысты үкім шығарды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі). Сот не белгіледі: экс-вице-министр 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы М.-дан жалпы сомасы 115 мың АҚШ доллары және 8 млн.150 мың теңге ақшаны пара ретінде алды. Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, ұялы телефондағы хат-хабарлармен, жасырын тергеу әрекеттерінің жазбаларымен, сараптама актілерімен, заттай дәлелдемелермен және т.б. дәлелденді, – делінген хабарламада.
Сотта прокурор айыптауды қолдап, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған. Сотталушы соттан өзін ақтауды өтінген. Сот шешім шығарғанда қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде жас балаларының болуын танығанымен, қабылдаған антын бұзуы ауырлататын мән-жай ретінде қарастырған.
– Сот үкімімен экс-вице-министр А. ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлайды Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар