....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 9:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

"Нағыз еркек". Алтынай Жорабаеваның 4 қызы екінші күйеуінің тегін алғысы келген

"Нағыз еркек". Алтынай Жорабаеваның 4 қызы екінші күйеуінің тегін алғысы келген
ашық дереккөзі
"Нағыз еркек". Алтынай Жорабаеваның 4 қызы екінші күйеуінің тегін алғысы келген
Әнші Талғат Жорабаев әпкесі Алтынай Жорабаеваның күйеуінің адамгершілігі туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Алтынай Жорабаеваның інісі кез келген ер адам 4 қызы бар әйелге үйленбейтінін атап өткен.
Қазір үлгі боларлықтай отбасы деп есептеймін. Алтынайға кейбір кезде мойындаймын. Мен өзім еркек болсам да төрт баласы бар келіншекті ала алмас едім. Әлішер сол жағынан еркек. Еркектің істей алмаған нәрсесін істеп отыр. Сол үшін қатты сыйлаймын, жақсы көремін, - дейді Талғат Жорабаев.
Оның айтуынша, жездесі кәсіппен айналысып жүріп қалған.
Үйленбеген. Солтүстік жақтың адамдары орыс мінезді келеді, бизнес жасаймын, інілерімді бағамын-қағамын деп жүрген кезде біраз уақыты қалай өткенін білмей қалған. "Үйленсей" дегенде Алтынайды кездестіріп қалады. Екеуі тіл табысып, әке-шешеміздің алдынан өтті, - деді ол.
Әншінің айтуынша, жиендері әпкесінің қазіргі күйеуінің тегін алғысы келген.
Тегін аламыз деп оқталды. Алтынай "қой, бәрібір тегін алғанмен, Алланың алдына барғанда әкелерің ана кісі болғаннан кейін ұят болады" деді. Қыздар құжат жүзінде тегін алмаса да, әлеуметтік желілерде Әлішердің тегіне өзгертіп тастаған. Өздері біледі, - деді ол.
Айта кетейік, танымал әнші Алтынай Жорабаева қоғамда болып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазба жариялап, өзі де зорлық-зомбылықтың құрбаны болғанын жазған едік. Өнер иесі бірінші күйеуі Сәбит Әбдіхалықовпен бірге тұрған кезінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын ашық айтып жүр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар