Жамбыл облысының 85 жылдығына арнайы ұйымдастырылған «Құнан бәйге» жарысында жамбылдық шабандоз мәре сызығын бірінші болып кесіп, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жеңіске жеткен Жантөре шабандоз 12 жаста, 7 сынып оқушысы. Ол 9 жасынан бастап, дүбірлі жарыстарға қатысып келеді екен. Тұлпарының есімі - Еркеторы.
Ал шашасына шаң жуытпаған сәйгүлік иесі Сәкен Мұратұлы ат баптаумен айналыса бастағанына 1 жылдан асыпты. Оның сөзінше, сәйгүлігі мұндай үлкен бәйгеде алғаш рет топ жарып отыр.
Айта кетейік, жарыстың жалпы жүлде қоры: 11 млн 900 мың теңгені құраған. Ал құнан бәйгеде жеңіске жеткен шабандозға 1 800 000 теңге сыйақы беріледі.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз