Жаңалықтар
Нарықта доллар мен еуроның бүгінгі бағамы қандай
- авторМағжан Орынбасар
- 2 қаңтар, 2025
- 202
Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 525,11 теңге
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 525 – 532 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5 теңге. Еуро 545 — 552 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 532 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 552 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,80 - 5,07 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 525,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 4,88 теңге. Еуро — 546,74.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев еңбек адамдарына құрмет көрсетті
- авторjambylinfo.kz
- 4 қаңтар, 2025