Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына айналды
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 22 наурыз, 2025
- 141

Nauryz Almaty Vibe: роботтар мерекенің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Алматыlf 21 және 22 наурызда Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде Nauryz Almaty Vibe фестивалі ұйымдастырылды.
Бұл шарада қала тұрғындары мен қонақтарын роботтар мен виртуалды аватарлар қарсы алды. Гастрономиялық аймақта робот даяшылар, робот аспаздар және робот баристалар өз қызметтерін ұсынды.
Сондай-ақ, Панфилов көшесінде кинетикалық туннель пайда болып, ол фестивальге келгендерге ерекше әсер қалдырды. Фестивальге қатысушылар интеллектуалдық «Ой-Думан» ойынына қатысып, робототехника көрмесін тамашалап, садақ атып, жасанды интеллекттің көмегімен мерекелік фотолар түсіре алды. Кіреберісте орналасқан LED-экран арқылы Ғалымжан атты виртуалды аватар қонақтарға мерекелік бағдарлама туралы ақпарат берді.