
Ведомство мәліметінше, еліміздегі полиция қатарында Наурыз атауымен байланысты 119 тәртіп сақшысы бар, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Қазақ мәдениетінде есім таңдау – әрдайым маңызды әрі жауапты шешім болған. Себебі, есім адамның тағдырымен, болашағымен тығыз байланысты әрі ол дәстүр мен мәдениетке деген құрметті білдіреді. Көп жағдайда есім тарихи оқиғалар мен белгілі тұлғаларды еске түсіріп, ата-ананың баласына артқан үміті мен тілегін көрсетеді", – деп хабарлады ІІМ.
Бұл 119 полицейдің ішінде:
Наурызбай – 55
Наурызбек – 41
Наурыз – 12
Наурызгүл – 4
Наурызхан – 3
Наурызғали – 2
Наурызжан – 1
Бекнаурыз – 1
Айта кетерлігі, олардың төртеуі – әйел.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз