дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 12:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Наурызнама-10 күндігі»: 17 Наурыз – «Шаңырақ күні»

«Наурызнама-10 күндігі»: 17 Наурыз – «Шаңырақ күні»
Ғаламтор
Бүгін елімізде – «Шаңырақ күні» аталып өтілуде. Шаңырақ - киелі ұғым. Тұлғалық болмыс, Отансүйгіштік, бәрі отбасында қалыптасады. Сондықтан, аталған мейрамды атап өту – маңызды. Жамбыл облысында да «Шаңырақ күні» кең көлемде тойлануда,-деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Бұл күні облыста ұлттық киім киген жастардың неке қию, жас жұбайларға ақсақалдар мен көпбалалы аналардың «Наурыз бата» беру шарасы өтеді.

Сонымен қатар елдімекендерде 50 жыл отасқан отбасылар арасында «Алтын шаңырақ» және 25 жыл отасқан отбасылар арасында «Күміс кереге» атты байқаулар ұйымдастырылып, жаңа туған нәрестелердің ата-аналарына «Наурыз – базарлық» естелік сыйлықтары табысталады.

«Шаңырақ» күнін атап өтудің басты мақсаты - отбасылық құндылықтарды дәріптеу, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларды елге таныстыру, өскелең ұрпаққа шаңырақтың киесін ұғындыру.   

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар