сейсенбі, 18 наурыз, 2025 21:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Наурызнама-2025: «Шаңырақ» күнінде 56 жұп некесін қиды

Наурызнама-2025: «Шаңырақ» күнінде 56 жұп некесін қиды
Фото: canva.com
Елордада жыл басынан бері 17 мыңнан астам неке тіркелген.

  Кеше Наурызнаманың үшінші күні шаңырақ күнінде 56 жұп некесін қиды. Атаулы датаға орай салтанатты түрде неке қию рәсімі ұйымдастарылды. Оған ықылас білдірген 4 жұп қатысты, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  qazaqstan.tv сілтеме жасап.

Ал 25, 50 жыл отасқан ерлі-зайыптылар жастарды құттықтап, кеңес берді. Биыл 1 қаңтардан бастап елордада 17 мыңнан астам неке тіркелген. 

"Біздің отбасымыздың ең алғашқы мерекесі Наурыз мерекесімен, қазақтың жаңа жылымен, дәстүрлі киіммен әдемі өтуіне мүмкіндік берілгеніне шын жүректен қуаныштымыз. Басқа адамдарға қарағанда біз салтанатты өткеніне қатты қуаныштымыз."

Айнела Қожахметова, қала тұрғыны

Отбасы құрғанымызға 25 жыл. Жастар отбасын құрып отыр. Соларға тілейтінім бар – жақсылық, шыдам, түсінік болу керек бір-біріне. Сонымен мықты отбасы болғанын, көпбалалы бақытты болғанын тілеймін,- дейді Абай Жылқышиев, қала тұрғыны.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар