бейсенбі, 31 қазан, 2024 0:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өндірістік тәжірибе – кәсібилік кепілі

Өндірістік тәжірибе – кәсібилік кепілі
ашық дереккөзі
Өндірістік тәжірибе – кәсібилік кепілі
Техникалық мамандықтарда білім алатын студент жастардың түрлі өндіріс орындарында тәжірибеден өтіп, білікті мамандардан дәріс алуы – келешекте өз ісінің шебері атануына зор ықпалын тигізері анық. Жуырда осы мақсатта «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығының» өңірлік филиалында «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бұл күні Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде білім алатын жастар орталықтағы зертхананың тыныс-тіршілігімен танысып, сынама алу, олардың талапқа сай еместігін анықтау және сараптама жүргізу сынды жұмыстарды жасап көрді. Шара барысында оларға материалдар бойынша инженер Жұмахан Шакирбаев зертханада жол салу үшін пайдаланылатын құм, топырақ, қиыршық тас және асфальт тастардың физикалық әрі механикалық қасиеттері анықтау әдістерін түсіндірді. Оның айтуынша, мұндағы заманауи құрылғылардың көмегімен асфальттің орташа тығыздығы мен 20-50 градустағы беріктігі, оның суға қанығуы жіті тексеріледі. Бұдан бөлек, битумның балқу және сыну температурасы анықталып, сынама алынады. Ал жоғары колледжде шеберхана меңгерушісі Абылайхан Кенжетаев оқу орнының басшылығы тарапынан студенттердің кәсіпорындарда өндірістік тәжірибеден өтуіне айрықша көңіл бөлінгенін жеткізді. - Өндірістік тәжірибе студенті өзінің болашақ мамандығымен таныстыруға мүмкіндік береді. Себебі, әрбір білім алушы кәсіби қызметтің мазмұны мен технологиясын тереңірек білгені жөн. Біздің колледжде бұл бағыттағы жұмыстар жолға қойылған. Түрлі өндіріс орындарымен берік әріптестік байланыстамыз. Бүгін «Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану» мамандығында білім алатын жастар зертхана жұмысымен танысты. Жастарға осындай мүмкіндік берген кәсіпорын басшылығына алғысым шексіз, - дейді Абылайхан Омарбекұлы. Айта кетейік, «Ұлттық жол активтерінің сапасын арттыру орталығының» өңірлік филиалында тағылымдамадан өтуге келген әрбір жас маманға ақы төленеді. Сонымен қатар, олардың түрлі мердігер компанияларда тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал жасалады. Мұның бәрі жастардың өз саласына деген қызығушылығын ояту әрі тұрмысын түзеу мақсатында қолға алынып отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар