сәрсенбі, 19 наурыз, 2025 14:32

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Үндістанда қазақ күресінен әлем біріншілігі өтеді

Үндістанда қазақ күресінен әлем біріншілігі өтеді
сурет: ашық дерекөз
20-ға жуық мемлекетінен 200-ге тарта балуан өтініш берген.

25 ақпан күні Үндістанда қазақ күресінен ересектер арасындағы әлем  чемпионаты басталады,  деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Qazaq kuresi ассоциациясы мәліметінше, Дели қаласында өтетін дүбірлі додаға қатысу үшін әлемнің 20-ға жуық мемлекетінен 200-ге тарта балуан өтініш берген.

Олардың арасында Әзербайжан, Аргентина, Бразилия, Эстония, Грузия, Нидерланд, Иран, Италия, Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Мексика, Польша, Моңғолия, Сербия, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттерінің спортшылары бар.

Екі күнге созылатын байрақты бәсекеде қатысушылар 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Екі жылдықтың басты додасында ел намысын қорғайтын ұлттық құрама командасының сапында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Мұзаппаров Ерсұлтан, Нұрдәулет Жарылғапов, Сарипова Зарина, Нұрмахамметова Рауза және Нысантайқызы Роза сынды үздіктер бар.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар