
Ал жараланғандар ауруханаға жеткізілді.
Пахалгам қаласында болған шабуылды «Қарсыласу майданы» көтерілісшілер тобы мойнына алды. Бұл ұйым Үндістанда лаңкестік топ деп танылған, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға Кашмирдің оңтүстігіндегі Пахалгам аймағындағы Байсаран алқабында орын алды. Лаңкестер тобы туристер мен бейбіт тұрғындарға оқ жаудырып, 27 адамның қаза табуына және бірнеше адамның жарақат алуына себеп болды.
Шабуылды "Лашкар-е-Тайба" ұйымымен байланысы бар террористік топ жүзеге асырғаны туралы ақпарат бар.
Қаза тапқандар арасында шетелдіктер, әйелдер мен қарт адамдар да кездеседі. Куәгерлердің айтуынша, шабуыл кезінде әскери форма киген екі лаңкес бейбіт тұрғындарға оқ атқан.