жексенбі, 24 қараша, 2024 19:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Несиеге пәтер алғандарға салық жеңілдігі қарастырыла ма?

Несиеге пәтер алғандарға салық жеңілдігі қарастырыла ма?
ашық дереккөзі
Несиеге пәтер алғандарға салық жеңілдігі қарастырыла ма?
Жұмыс істейтін адамның ай сайынғы жалақысынан жеке табыс салығы ұсталатыны белгілі. Отбасы банкінен несиеге баспана алғандар осы салықтың түріне жеңілдік ала алады. Салық кодексінің 349-бабында: «Сыйақылар бойынша салықтық шегерімді Қазақ­стан Республикасының резидент-жеке тұлғасы өз пайдасы­на жұмсалған, Қазақстан Респуб­ликасының тұрғын үй құры­лы­сы жинақ ақшасы туралы заңна­ма­сына сәйкес, Қазақстан Республи­касының аумағында тұрғын үй жағдайларын жақ­сарту жөніндегі іс-шараларды жүрг­ізуге тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінен алынған ипоте­калық тұрғын үй қарыз­дары бойынша сыйақыны тө­леу­ге арналған шығыстар бо­йын­­­ша қолданады», деп атап көр­­­сетілген. Қарапайым тіл­мен айтқанда, осы банктен не­­сиеге үй алған адам банк бел­гі­­ле­ген сыйақы мөлшерінде са­лық же­ңілдігін ала алады. Ол үшін не істеу керек? Қаржы ми­н­истр­­лігі­нің Мемлекеттік кіріс­­тер коми­теті басқарма басшы­сы­­ның орынбасары Айнұр Сар­таеваның айтуынша, ипотекамен баспаналы болған азамат Отбасы банкімен жасаған несие шарты мен қарыз­ды өтеу мерзімі белгіленген кес­те­нің көшірмелерін және төлем түбір­тег­ін алып, жұмыс беру­шісіне тап­сыруы керек. «Бух­гал­тер осы құжаттарды қарап, бан­­к­тің қосқан сыйақы мөл­ше­рін есеп­тейді де, жұмысшы­ның жа­лақы­сынан сыйақы мөл­­шерін ше­ге­ріп, ұсталатын салық­т­ы азай­туға тиіс. Отбасы банкі­нен ипотекалық несие ал­ған жұ­мыс­шыдан салық аз ұс­та­ла­тын­дықтан, оның жалақы­сы бұ­рынғыдан көбірек түседі деген сөз», дейді Айнұр Сартаева. Отбасы банкіндегі ипотекасын өтеп келе жатқан, бірақ бү­гінге дейін салық жеңілдігін алма­ған азаматтар да өз құқын пай­­далана алады. Ол үшін жұ­мыс берушіге өтініш жазу керек. А.Сартаеваның айтуынша, өті­ніште несиенің өтелген мер­­зімі мен салық жеңілдігі қол­да­­ныл­­маған кезең көрсетілуге тиіс. Ескере кететін жайт, өтіп кет­кен кезеңдер үшін тек соңғы үш жыл ғана есепке алынады. Осы өті­нішке сай жұмыс беруші есеп жүр­гізіп, жұмысшының ал­ма­ған ақшасын қайтаруға міндетті. Салық кодексіндегі бұл же­ңіл­діктер басқа банктерден ипо­тека алған азаматтарға да қарас­­тырылуға тиіс болатын. Бірақ әзірше бұл салық шегерімі кейін­ге қалды. «Салық кодексіне ен­гізі­луге тиіс бұл түзету жалпыға бірдей декларациялауға көшудің соңғы кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан бұл ауқымды жұмыс аяқталған соң ипотека ал­ған барлық азаматқа салық же­ңіл­­дігі қарастырылады деп кү­тілу­де. Биыл жалпыға бірдей дек­­­ла­рациялаудың алғашқы кезе­ңі жүріп жатыр, соңғы төр­тінші кезең 2025 жылға жос­пар­ланған. Сондықтан жеке тұл­ға­ның Отбасы банкінен бас­қа, екінші деңгейлі банктер­ден ал­ған несиесі бойынша салық ше­герімдерін, яғни жеңіл­дік­те­рін қолдану 2025 жылдың 1 қаң­тарына ауыстырылды», дейді А.Сартаева.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар