Жаңалықтар
Несиені кешіктіріп төлеп жүрген азаматтарға несие беруге тыйым салу ұсынылды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2023
- 298
Несиені кешіктіріп төлеп жүрген азаматтарға несие беруге тыйым салу ұсынылды
Парламент депутаттары несие берудегі тәуекелдерді азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін заң жобасын әзірледі:
Несие төлеу мерзімі өтіп кеткенде азаматтарға жаңа тұтынушылық кредит беруге тыйым салу;
90 күн өткеннен кейін барлық кредит бойынша сыйақы есептеуге тыйым салу;
Банктерге өндіріп алу нәтижесінде банктің меншігіне өткен тұрғын үйді бұрынғы иесіне (қарыз алушыға) жалға беруге мүмкіндік беру;
Төлем талабын қойған кезде банктік шотта кемінде 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде ақшаны сақтау;
Несие алудан ерікті түрде бас тартқан жағдайда азаматтардың кредиті бойынша борышты есептен шығару.
Қаржы және бюджет комитеті заң жобасын қарап, қорытынды әзірлеуге дайын.
Бұл ұсынысқа қалай қарайсыздар?
Ақпарат дереккөзі: Dauletten🔒
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз