....

....

бейсенбі, 22 ақпан, 2024 10:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП

НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП
ашық дереккөзі
НОҒАЙБАЙ АУЫЛЫНДА ТЫНДЫРЫМДЫ ТІРЛІК КӨП
Жамбыл облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қордай ауданы, Ноғайбай ауылдық округінің   әкімі Ешмұрат Ер-Серік Аманбекұлы БАҚөкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді.  Брифинг барысында ауыл әкімі округтің соңғы 10 айдағы  әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады.  Ноғайбай ауылдық округінде 2023 жылғы 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. 
 Ноғайбай ауылдық округі аудан орталығынан - 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Округтің аумағы 41 301,2 га құрайды.Ноғайбай ауылдық округінде үш елді мекен орналасқан: Ноғайбай, Шарбақты, Сарыбастау ауылдары. Округ бойынша  тұрғындар саны – 2526.  Округте барлығы 580 оқушыға арналған 1 орта, 1 негізгі мектеп бар, 960 білімгерге арналған ауылшаруашылық колледж, 140 балаға арналған мемлекеттік бөбекжай, 1 дәрігерлік амбулатория, 2 медициналық тірек, 2 кітапхана бар. Округ бойынша Ноғайбай ауылында 1 пошта қызметі жұмыс атқарады. 40-қа жуық қызметтер көрсетеді. 2 мұсылман мешіті бар. Округте «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының Ноғайбай ауылы бойынша 18 абоненті сымсыз, Шарбақты ауылында 10 абоненті сымды, Сарыбастау ауылында 5 сымсыз телефондармен қамтылған,- дейді Ер-Серік Аманбекұлы.
Жалпы ауылдық округітң  инвестиция тарту көлемі – 204 785,0 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде: ауылшаруашылық техникасын сатып алу 69 650,0 мың. тг, мал қорасын салу 135 000,0 мың теңге.   Егін және мал шаруашылығымен айналысатын шаруақожалықтардың саны 82. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер саны – 2. 88 жеке кәсіпкер әртүрлі сала бойынша жұмыс жасайды. Шаруа қожалықтарының барлық жер көлемі – 37901,2 га, оның ішінде жайылым- 29834,0 га, егістік жерлері- 7696,4 га, суармалы-777 га.   Ал, күзгі дала жұмыстарына келер болсақ, округ бойынша шаруа қожалықтарда барлығы 7676 га жерге егістік егілді. Оның ішінде: 2023 жылы күздік бидай – 2652 га, арпа – 1314 га, жүгері – 40 га, сафлор 20 га,  көп жылдық шөп 500 га егілді.
Мүйізді ірі қара мал саны – 5176, ұсақ мал саны – 43972, жылқы саны – 1786 бас, ал құстар – 5755. Округ бойынша жалпы 47 мал қоралар бар. Жыл басынан округ бойынша  барлығы 55 бас қаңғыбас иттер жойылды,- деп баяндады ауыл әкімі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар